Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы бойынша "Айт намазын" мешіттерде оқуға тыйым салынды
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы бойынша "Айт намазын" мешіттерде оқуға тыйым салынды
Фото: photocentra.ru
251
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқат Бейсенова "Құрбан айт" мұсылман мерекесін тойлау күндеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулыға қол қойды.
«Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынсын. Және «Құрбан айт» мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынсын», – делінген қаулыда.
Құрбандық шалу рәсімін qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде күшейтілген шектеулерді сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы мал сою пункттерінде ұйымдастыру қажеттігі айтылған.