Биыл 6 ай ішінде жемқорлық фактісі бойынша 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның 61-і – республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ведомствоның алқа мәжілісінде осындай деректер келтіріп: «Статистика сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тіркеудің 35%-ға немесе 1 540-тан 1 005-ке дейін төмендегенін көрсетеді.Айтуынша, осындай заңсыз әекеттерден келген залалдың 15 млрд теңгесі қазынаға қайтарылған. Сондай-ақ 6 айдың ішінде бизнестің жұмысына орынсыз килігудің 60 жағдайы, көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасаудың 45 фактісі, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі тіркелген.Сонымен қатар жылдың 6 айында 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшы және вице-министр, 3 судья. Жеті өңірлік әкім мен олардың орынбасарлары әшкереленді», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.
М.БАҚЫТЖАН