Ақтаулық жігіт сүйіктісіне су астында сөз салды (видео)

Ақтаулық жігіт сүйіктісіне су астында сөз салды (видео)

Бүгінде сүйіктісіне сөз салудың түрлі тәсілі көбейіп жатыр. Бірақ ақтаулық ғашықтардың Каспий теңізінде, су астында сөз байласуы елімізде бірінші рет болды.

Бұл оқиғаны "Тайфун" сүңгуір орталығы өздерінің Instagram парақшасында жариялап, дәлел ретінде бейнежазбасына дейін салған. Тіпті, олар қос ғашықтың сөз байласуына куәгер болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Дайвинг центр Тайфун (@diving_aktau)

«Шынын айтсақ, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Әрине, бұғанға дейін бассейнде, үлкен сауда орталығының аквариумында сезімін білдіріп, сөз салған сәттер болды. Алайда Каспий теңізінде сөз салу – алғаш рет. Сондықтан әу басынан біз қатты қобалжып, уайымдадық. Өйткені су астында не болып жатқанын көрмедік, бірақ соңында бәрі жоспарлағандай болып, қыз келісімін берді. Видеоны монтаждап отырып, сөз салғанда қыздың қатты толқығаннан қолы дірілдеп кеткенін байқауға болады. Ең әсерлі сәт осы кез ғой. Жастар бақытты да, баянды ғұмыр кешсін!» – деді "Тайфун" сүңгуір орталығының қызметкері. Оның айтуынша, жастардың суға сүңгуі алғаш рет екен.