Елордада Құрбан айт мерекесін тойлау күндеріндегі шектеу шаралары туралы қаулыға қол қойылды.
Мешіттер аумағында ашық ауада ұжымдық Айт намазын өткізуге болмайды. Адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынған. Құрбандық шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Міндетті түрде медициналық бетперде мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда немесе мал сою пункттерінде өткізу керек.Қалалық Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенованың нұсқауы бойынша діни мейрамға арналған бұқаралық іс-шараларды көше де, үйде де өткізуге рұқсат жоқ.