Алматыда қатты желден ағаш құлап, 16 көлікті қиратып салды
Алматыда қатты желден ағаш құлап, 16 көлікті қиратып салды
376
оқылды

14 шілдеде Алматыда жаңбыр жауып, қатты соққан желден 12 шақты ағаш құлап, 16 көлік қирады.  Қолайсыз ауа райынан кейін түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сондай-ақ, желіде тасжол мен жаяу жүргіншілер жолына ағаш құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, 14 шілдеде сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда 6,6 миллиметр жауын-шашын түскен. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жеткен. Көліктерге ағаш құлаған 12 жағдай тіркелді. Бұл ретте қираған көлік саны – 16. Алмалы ауданында – үш ағаш (төрт көлік); Әуезов ауданында – үш көлік бүлінген; Бостандық ауданында – төрт ағаш (жеті көлік); Медеу ауданына – екі ағаш (екі көлік). ағаш Сонымен қатар ағаш құлап, бұталары көлік жолдары мен балалар алаңы түскен. Тіпті, жаяу жүргіншілер жолын жауып тастаған 45 жағдай тіркелген. Қалада жел мен жаңбыр салдарынан пайда болған аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Магистрал көшелер бойынша жұмыстар аяқталған.