14 шілдеде Алматыда жаңбыр жауып, қатты соққан желден 12 шақты ағаш құлап, 16 көлік қирады. Қолайсыз ауа райынан кейін түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Сондай-ақ, желіде тасжол мен жаяу жүргіншілер жолына ағаш құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, 14 шілдеде сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда 6,6 миллиметр жауын-шашын түскен. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жеткен. Көліктерге ағаш құлаған 12 жағдай тіркелді. Бұл ретте қираған көлік саны – 16. Алмалы ауданында – үш ағаш (төрт көлік); Әуезов ауданында – үш көлік бүлінген; Бостандық ауданында – төрт ағаш (жеті көлік); Медеу ауданына – екі ағаш (екі көлік).