Түркістаннан 11 қалаға әуе рейсі ашылады
Түркістаннан 11 қалаға әуе рейсі ашылады
Фото: inbusiness.kz
194
оқылды
«Қазақстанда ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарына конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді SCAT және Qazaq Air әуе компаниялары «CRJ2», «B-737», «Q400» ұшақтарымен қатынайды» делінген комитет хабарламасында.

Алғашқы рейс 15 шілдеге жоспарланған. Билет бағасы – 16-25 мың теңге.