Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Light вакцинасын тіркеуден өткізді

Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Light вакцинасын тіркеуден өткізді

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті Sputnik Light вакцинасын тіркегені туралы хабарлады.

Sputnik Light вакцинасының тиімділігі 28 күнде 79,4% болған.

Қор жетекшісі Кирилл Дмитриев: «Қазақстанда коронавирустың алдын алу үшін Sputnik V вакцинасы қолданылып жатыр. Бір компонентті Sputnik Light вакцинасы халықты вакциналау уақытын қысқарту және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына септігін тигізеді, – деді.

Бұған дейін Алматыда екі түрлі вакцина таусылғанын жазған болатынбыз.