Зарина Дияс Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Зарина Дияс Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Фото: paryz.kz
138
оқылды
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Бұл туралы ҰОК хабарлады. Халықаралық теннис федерациясы Олимпиадаға қалған жолдамаларды қайта бөліп, Зарина Дияс лицензияға ие болды. Ол жеке сында жүлдеге таласады. Осылайша, алты қазақстандық жекелей сында бақ сынайды. Атап айтқанда, Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин. Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик, сондай-ақ Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова сынға түседі.