Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуы сипатында іс-шаралар өткізуге ( оның ішінде айт намазына) тыйым салуды тапсырған.