Ресейге заңсыз алтын алып өтпек болған азамат ұсталды
Ресейге заңсыз алтын алып өтпек болған азамат ұсталды
Фото: Inform.kz
153
оқылды
Ресейлік азамат контрабандалық жолмен 120 грамм қолдан құйылған алтын құйманы шекарадан алып өтпек болған, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Ұсталған адам және контрабандалық жүк Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тексеру үшін тапсырылған.
«Шекарашылар Қостанай облысы «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде Ресей азаматынан автокөлігінің шанағына жасырған жалпы салмағы 120 грамм қолдан құйылған алтын құйманы тапты. Ол алтынды Ресейге алып өтпек болған. Ұсталған адам және контрабандалық жүк Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тексеру үшін тапсырылды», – делінген хабарламада.