Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйелді полицейлер ұстады, – деп хабарлайды 24.kz. Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Күдіктіні полиция ұстады. Әйелдің тұрақты мекенжайы жоқ. Қолына ұстап жүргені ойыншық қару болып шықты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді.
- Полицияға бұл бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді , – дейді ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Айғаным Рахметова.https://www.youtube.com/watch?v=9MUMEOtjlDM&feature=emb_title