"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шыққаны үшін қанша ақша алады?
"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шыққаны үшін қанша ақша алады?
Фото: Vesti.kz
161
оқылды
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, – деп хабарлайды Prosports.kz. Іріктеудің бірінші кезеңінде «Қайрат» екі матч қорытындысы бойынша хайфалық «Маккабиді» 3:1 (1:1, 2:0) есебімен жеңді. Бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін клуб 331 000 доллар табыс тапты, енді алда екінші іріктеу кезеңі үшін тағы 450 000 доллар алады. Еске салайық, алматылық клуб екінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Црвена Звездамен» кездеседі. Бірінші ойын 21 шілдеде Алматыда, қарымта ойын 28 шілдеде Белградта өтеді.