Германияда су тасқынынан 20-ға жуық адам көз жұмған
Германияда су тасқынынан 20-ға жуық адам көз жұмған
Фото: Focus.ru
162
оқылды
Германияның батысынан соққан «Бернд» циклонынан туындаған күшті нөсер 20-ға жуық адамның өмірін қиды, – деп жазады tengrinews.kz. Елдің батысындағы түрлі аудандарда апаттан 19 адам көз жұмып, 60-қа жуық адам хабар-ошарсыз кетті. Су тасқыны Рейн және оның салаларының жағасындағы көптеген қалаларда орын алды. Адамдарды құтқару үшін тікұшақтар тартылған. Арвайлер аймағында үздіксіз нөсер мен су тасқынының салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті әкімшілік адамдарды мүмкіндігінше үйде болуға және қажет болған жағдайда жоғарғы қабаттарға көшуге шақырды.  width= https://www.youtube.com/watch?v=H66dq54R9qQ&feature=emb_title