Көкшетауда тазы тұқымды иттердің республикалық жарысы өтті. Оған Қазақстанның әр аймағынан осы тұқымның 40-қа жуық түрі қатысты.
Республикалық додада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының атынан жарыс жолына шыққан Сарыбас атты тазы жеңімпаз атанды.Жарыстағы қашықтық әртүрлі – екі шақырымға дейін. Көкшетауда иттер 1,3 шақырым жүгірді. 30 финалистің ішінде Сарыбас мәре сызығын бірінші болып кесті. – Менің ойымша, әр қазақ тазы ұстап, атқа міне білуі керек. Бала кезімнен бері тазыларым бар, мен оларды осы күнге дейін баптап келемін. Иттерге ерекше күтім қажет, оларға арнайы тамақ дайындаймын. Қазір үш тазым бар: Сарыбас, Сұңқар және Ақкиік. Бірақ Сарыбас өзгелерден ерекше. Жарысқа тек соны шығарамын. Болашақта Сарыбастың күшіктерін өсіргім келеді. Алда да жарысқа қатысу жоспарда бар, – деп атап өтті Арман Оралхан.– Сарыбас – екі жаста. Ол қазақтың тазысы. Биыл облыстық және республикалық жарыстарда алты рет бірінші орынға ие болды, – дейді тазының иесі Арман Оралхан. Арманның айтуынша, мұндай жарыстардың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды, атап айтқанда тазы тұқымын сақтау, сондай-ақ осы тұқымының ең жылдам түрін анықтау.
А.Жасанұлы