Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді
Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді
106
оқылды

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін  боксшы Данияр Елеусінов желтоқсан айындағы жекпе-жегін Қазақстан астанасында өткізеді. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Алиев мәлімдеді.

Сондай-ақ, осы бокс кешінің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) да өнер көрсетеді. Аса ауыр салмақтағы боксшыға өзінен мықты қарсылас іздеп жатырмыз, – дейді З.Алиев. «Үлкен шоу үшін біз желтоқсан айын таңдап алдық. Оған дейін Данияр сыртта мықты қарсыласпен бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Иван Дычко кеше ғана жекпе-жек өткізгеніне қарамастан желтоқсанға дейін тағы бір қарсыласпен бақ сынап көруі керек. Екеуіне де мықты қарсылас таңдаймыз», – деді менеджер. Зия Алиев қазір қазақстандық боксшыларға қарсылас іздеп жатқанын мәлімдеді. Еске салайық, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында намибиялық Джулиос Индонгоны жеңген болатын. Ол әлемнің экс-чемпионы болатын. Ал, Иван Дычко биыл 10 шілдеде Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Денис Бахтовты нокаутпен жеңді.