Жұмыссыз жүрген азаматтарға көмек көрсетілді
Жұмыссыз жүрген азаматтарға көмек көрсетілді
«Nur Otan» партиясының Қаратау аудандық филиалына көпбалалы ана Қалдыгүл Құрманбаева өзіңің жарымен бірге қабылдауға келген болатын. Жолдасы бірінші топтағы мүгедек. Денсаулығы нашар. Олар әлеуметтік жағдайы төмен екенін, отбасындағы  күнкөрісі тек  мүгедектікке байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы екенін айтты. Сондай-ақ, Сарысу аудандық филиалынан Ұйым ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат С.Н., Ақтау қаласының тұрғыны Шыңғыс Күзембаев және Мұнайлы ауданының тұрғыны Рашид Байпаков тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі бойынша көмек сұрады. Осы мәселелерді  «Nur Otan» партиясының қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қарап,  өтініштер бойынша көмек көрсетілетіні айтылды.  width= Нәтижесінде, Қалдыгүл Советқызы «БАЛАЛАРДЫ СПИД-тен ҚОРҒАУ» қайырымдылық қорына, азамат С.Н. «АКМ ГРУПП» ЖШС-не, Шыңғыс Күзембаев  Ақтау қаласында орналасқан «Ақ жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне вахталық әдіспен және Рашид Байпаков Мұнайлы аудандық №2 орта мектебіне тұрақты жұмысқа орналасты.