Мұқтаж отбасылар баспаналы болды
Мұқтаж отбасылар баспаналы болды
Мақат ауданы Доссор кентінің тұрғыны А.Асетова аудандық мәслихат депутаты С.Абдиевтің қабылдауында болып, біраз жылдан бері үй жалдап тұратынын, тұрмыс тауқыметін тартып жүргенін айтты. Тұрақты жұмысының болмауына байланысты кейінгі кезде жалдап жүрген үйінің ақысын төлеу қиындық тудырған. Қазір бұл отбасының табыс көзі жоқ. Ал мемлекеттен жәрдемақы алу үшін тұрғылықты тіркелген мекенжайының болмауы кедергі. Сонымен қатар «Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Кеген аудандық филиалына Шырғанақ ауылының тұрғыны Алмагүл Тәжібаева аз қамтылған отбасы екенін, баспана мәселесінде қиындық көріп жатқанын айтып, көмек көрсетуді сұраған болатын. Өтініш иесінің мәселесін егжей-тегжейлі тыңдап, толыққанды зерделеген аудандық мәслихат депутаты Серік Әбдиев өз әріптестері «Доссормұнайгаз» бастауыш партия ұйымымен бірігіп бұл отбасына баспана бақытын сыйлады. Елорда күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мақат ауданы әкімдігінің ұсынысымен «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнайшыларының өз еркімен көрсеткен қаржылай көмегінің нәтижесінде Доссор кентінің тұрғыны А.Әсетованың отбасы баспаналы болды. Аз қамтылған отбасына 2 бөлмелі пәтердің кілтін «Доссормұнайгаз» МГӨБ бастығы, аудандық мәслихат депутаты Серік Әбдиев табыс етті. Ал «Шырғанақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы  Ернар Санақбайұлының бастамасымен Шырғанақ ауылындағы баспанасы жоқ азаматшаға мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектердің демеушілігімен тұрғын үй кілті табыс етілді. Үйсіз жүрген отбасылар үймен қамтамасыз етіліп, ризашылығын білдірді. отбасы