Көпбалалы отбасыларға көмектесті    
Көпбалалы отбасыларға көмектесті    
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сарқан, Панфилов аудандық, Шымкент қаласы Ордабасы, әл-Фараби, Еңбекші аудандық, Жамбыл облысы Қордай, Меркі, Жамбыл, Шу аудандық, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі аудандық және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық   филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне осы жылдың маусым айында жұмыссыз және көпбалалы  азаматтар материалдық көмек сұрап  келген болатын. Осы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының аудандық және қалалық мәслихат депутаттары қабылдау  ұйымдастырып, бір жолғы азық-түлікпен көмек көрсетілетін болып шешілді. Нәтижесінде, қала және ауданнан 170 жағдайы төмен отбасы азық-түлікпен және материалдық көмек берілді.  Көмек көрсету мақсатында 3 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Отбасылар ризашылықтарын білдірді. көпбалалы