Бұл туралы Түркияның Milliyet басылымы видео жариялады.
Дереккөздің жазуынша, ойын-сауық орталығына барған қыздар, жанжалдан соң полицияға барған.«Бізге азаматтарымыздан шағым түспесе де, жәбір көрген қыздарымызды іздеп таптық. Қамаудағы азаматша бойынша консулдық көмек көрсетілуде. Стамбұл қаласы ішкі істер басқармасы басшысымен және оқиға болған аудандық ішкі істер басшысымен мәселенің әділ қарастырылуы бойынша талап жеткізілді. Азаматтарымыздың құқығын қорғау жұмыстары жүргізілуде», – деп жазды Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тағы парақшасында.