Жүк көлігінің дөңгелегі атылып, жөндеп жатқан ер адам қаза тапты
Жүк көлігінің дөңгелегі атылып, жөндеп жатқан ер адам қаза тапты
Фото: twitter.com
164
оқылды

Қайғылы оқиға бүгін сағат 13.00-де Павлодардағы Жібек Жолы көшесінде орналасқан көлік жөндеу орталығында болды.

Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров: «Жөндеу жұмыстары кезінде дөңгелек атылып кеткен. Алған жарақатынан 38 жастағы жұмысшы оқиға орнында қаза болды», – деді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1983 жылғы ер адам ауыр жарақат алған.

«Оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы барды. Ауруханаға 41 және 57 жастағы зардап шеккен екі жұмысшы жеткізілді. Бір ер адам жабық ми жарақаты, контузия, іштен жарақат алған. Амбулаториялық ем алып жатыр. Екінші жұмысшы тексеруден, ауруханаға жатудан бас тартты», – деді департамент өкілі.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.