Талдықорғанда бойжеткенді бөтелкемен ұрған жігіт іздестірілуде
Талдықорғанда бойжеткенді бөтелкемен ұрған жігіт іздестірілуде
©adyrna.kz
115
оқылды
Талдықорғанда қала орталығында өтіп бара жатқан қызға негізсіз шабуыл жасап, сыра бөтелкесімен ұрған жас жігіт іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Sputnik Ерсі әрекетімен қала тұрғындарын шошытқан қылмыскердің суреті әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жазба авторы жігіттің "Атамекен" ойын-сауық орталығының алдында қызды ұрып, оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтті. Полиция бұл ақпаратты растады. Оқиғаның 15 шілде күні сағат 23:00 шамасында болғанын айтты.
"Қазір қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлімі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
25 жастағы қыздың ауыр жарақат алмаған.