Қазақстанның олимпиадалық командасы Токиоға аттанды
Қазақстанның олимпиадалық командасы Токиоға аттанды
Фото: ҰОК
187
оқылды
Қазақстан олимпиадалық командасының негізгі бөлігі Жапонияға ұшып кетті. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдан бірінші рейспен 128 адам Токиоға аттанды. Олардың қатарында спортшылар, бапкерлер, дәрігерлер, ғылыми-кешенді топ мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан Миссиясының өкілдері бар. [caption id="attachment_151550" align="alignnone" width="946"] width= Фото: ҰОК[/caption] «Біз Олимпиада ойындарына қатысушы спортшылардың қауіпсіздігіне бағытталған ХОК пен Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің барлық талаптарын орындадық. Ұлттық олимпиадалық комитет пен ұлттық федерациялар спортшылардың сапалы әрі қауіпсіз дайындалуына бар жағдайды жасады. Біздің командадағы 96 спортшы ортақ еңбегіміздің жемісі. Спортшылар мен бапкерлерге, сондай-ақ, спорттық дәрігерлерге бірлескен жұмысы үшін рахмет айтамыз», – делінген Ұлттық олимпиадалық комитеттің жазбасында. [caption id="attachment_151551" align="alignnone" width="946"] width= Фото: ҰОК[/caption] 28 шілдеге жоспарланған екінші рейспен Жапонияға 43 адам жол тартады. Олардың қатарында балуандар, көркем гимнастикадан Қазақстан командасы, әртістік жүзу, бессайыс және жеңіл атлеттердің бір бөлігі бар. Қазақстан олимпиадалық командасының сапында 97 лицензия жеңіп алған 96 спортшы бар. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де Токио стадионында басталады.