Киік мүйізінің 1 000-нан астам данасы тәркіленді
Киік мүйізінің 1 000-нан астам данасы тәркіленді
188
оқылды

Батыс Қазақстан облысында киік мүйізінің 1 000-нан астам данасы тәркіленді. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Конкин көшесінде С. есімді жүргізушінің басқаруымен «МАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатып, тінту кезінде киік мүйізінің 1 178 данасы табыл­ды. 1979 жылы туған С. есімді аза­мат Ресейге құрылыс материал­дарын алуға кетіп бара жатқан жерінен ұсталды», – деді БҚО ПД бастығы, полиция гене­рал-майоры Махсудхан Аблазимов. Аталған факті бойынша Қыл­мыс­тық кодекстің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктері мен дериват­тарын заңсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.