ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакциналау төлқұжаттарын қолдан жасағандардың жауапкершілігі туралы айтты, – деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Төлқұжаттың жалған екені тек адамның өзі оны мойындаған жағдайда ғана анықталады, басқалай тексеру оны мүмкін емес. Бұл арада менің айтарым, құрметті қазақстандықтар, вакциналау төлқұжатын сатып алғанда, ең кем дегенде жансақтау бөліміне "ұшақ билетін" сатып алып жатырмын деп ойласаңыз болады. Сондықтан, мемлекет сіздерге өзіңізді-өзіңіз қорғауға және өзіңізді-өзіңіз ақысыз қорғауға мүмкіндік беріп жатқанда мына жақтан сіз қалтаңыздан ақша шығарып, жалған төлқұжат сатып алып, мен айтқандай, ең жақсысы дегенде ауруға шалдығу үшін, ең жаманы дегенде көрге билет сатып алып әбігерге түсу, қаншалықты ақылға қонымды. Сондықтан бұл арада жақсылап ойлануларыңыз керек, – деді Есмағамбетова.Сонымен бірге, ол Қазақстанда жалған құжаттар жасау үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Құжатты қолдан жасау үшін де, төлқұжаттарды қолдан жасау процедурасы үшін де, вакциналау төлқұжатын сатып алу үшін де жауапкершілік қарастырылады. Бұл жалған төлқұжат мәселесін Денсаулық сақтау министрлігінің өзі бастап, комиссия алдында көтергенін атап өткім келеді. Ішкі істер министрлігі вакциналау төлқұжатын қолдан жасау бойынша бірнеше қылмыстық істі қозғады, – деді комитет басшысы.Оның айтуынша, вакциналау төлқұжатын қолдан жасау қазіргі жағдайда қолайсыз болып табылады. Осылайша, тұтастай алғанда, вакциналау процесінің өзін және вакцинацияның тиімділігі жоққа шығарады.