Алматының жан-жағына 12 жерге арнайы бекет орнатылды. Онда полиция қызметкерлері мен ветеринар мамандар кезекшілік етеді. Олардың мақсаты – қалаға мал тиелген көлікті кіргізбеу, – деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Құрбан айт кезінде қала ішіндегі мал сататын базарлар мен қасапханалар да жабық болады. Бұл орындардың жұмыс істемеуін әкімдік жанынан құрылған арнайы топ бақылайды. Ал "Құрбандық – 2021" сайты арқылы тапсырыс берілген мал қаланың шетінде, арнайы белгіленген жерде сойылады", – дейді мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор Әкімқұл Мырзақұлов.Алматы дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көкшенің айтуынша, сойылған малдың етін дер кезінде тарату бойынша мүфтияттың жанынан құрылған жұмысшы топқа волонтерлер тартылады.
"Олар дер кезінде мұқтаж жандарға етті үлестіруге көмектесетін болады. Құрбан2021.кз сайты кеше іске қосылды. Ол 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткендер сол аралықта тапсырыс бере алады. Ал мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап сайт арқылы өтініш білдірсе болады. Тапсырыс берген адам шалынған құрбандық туралы барлық мәліметті біліп отырады. Оған WhatsApp желісі арқылы бейне есеп пен фотосуреттер жіберіледі", – деді ол.Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: