Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу бойынша Арыс "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының орынбасарын ұстады.Лауазымды тұлға басқа адамдармен топтаса отырып 2018-2021 жылдары бюджет қаражатын табысы аз адамдар санатына жатпайтын өзінің жақын туыстары мен таныстарына заңсыз ақша аударып отырды деген күдікпен ұсталды. Соның салдарынан мемлекетке алдын ала 160 миллион теңгеден аса шығын келтірілді", — деп хабарлады агенттік өкілдері.Бұл ақша "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" бағдарламасы аясында Арыс қаласындағы аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) төлем жасау және пандемия, төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде халықтың кейбір санатын азық-түлікпен және тұрмыстық керек-жарақтармен қамтамасыз ету үшін бөлінген. Тергеу жалғасып жатыр.