Ақтөбеде жол апаты болып, екі көлік өртеніп кетті

Ақтөбеде жол апаты болып, екі көлік өртеніп кетті

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екеуі де өртеніп кетті. Жол апаты «Шұбарқұдық-Соль-Илецк» тасжолының Ойыл ауданы Саралжын ауылы маңында болған.

– «Ваз-2110» автокөлігі «Мitsubisi Montero» автокөлігімен соқтығысып, екі автокөлік жолдан шығып, өртеніп кетті. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушілері мен 5 жолаушы жарақат алып, Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді,– деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.