Нұр-Сұлтанда жүргізушілер жол ортасында төбелес шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат бойынша, 16-17 шілдеге қараған түні Республика даңғылымен келе жатқан екі жүргізуші жолға таласады. Олар жол бойына тоқтап, сөзге келіп қалады. Кейін жанжал төбелеске ұласып, оларға екі көліктің де жолаушылары қосыла кетеді. Жанжалға қатысқан адамдар полицияға жеткізілді. ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды.