Токиодағы олимпиада ауылында тұрып жатқан екі спортшыдан коронавирус табылды, — деп хабарлайды "Азаттық Рухы".
Бұл жайында олимпиада ұйымдастырушылары жексенбі күні таратқан мәліметте айтылған. Құжатта олимпиада қалашығында тұрмайтын атлет, БАҚ қызметкері, олимпиада объектілерінде жұмыс істейтін бір жұмысшы мен жарысты өткізуге қатысы бар тағы 5 адам да осы вирусты жұқтырғаны жазылған. Еске салсақ, 17 шілдеде ұйымдастыру комитеті Олимпиада ауылында бірінші рет КВИ жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлім етті. Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс еді. Әлемдік пандемияға байланысты жарыс бір жылға кейінге шегеріліп, биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ойынға шетелдік жанкүйерлер жіберілмейді.