Нұр-Сұлтанда көше спортына арналған колизей ашылды
Нұр-Сұлтанда көше спортына арналған колизей ашылды
Фото: astana.gov.kz
135
оқылды
Нұр-Сұлтанда алғаш рет «NS street life» атты көше спортына арналған колизей мен бақылау алаңы ашылды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлімдеді.
"Нұр-Сұлтанда алғаш рет "NS street life" атты көше спортына арналған колизей ашылды. Бұл екі деңгейлі мультифункционалды арена. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары баскетбол, футбол ойнап, осы спорт түрлерінен жарыстар, сол сияқты бокс және би турнирлерін өткізе алады. Екінші қабатта көлеңкелі шатырлар орналасқан", – деп жазды әкім.
https://www.youtube.com/watch?v=jCm9Xejk1Ao&feature=emb_title
"Қалада жаңа орындар ашу, сол сияқты бұрынғы орындарды сақтау өте маңызды. Есіл өзенінің жағалауы бойындағы саябақта  балалар мен ересектерге арналған тағы бірнеше аймақ абаттандырылды: төбешіктер, "питон" ойын аймағы (арқан конструкциясы), үлкен құмсалғыш, түрлі ойын элементтері, ересектер үшін демалуға арналған тыныш аймақтар және т.б. ашылды. Сонымен қатар бұл ауданда өзен мен аймақ көрінетін екі қабатты бақылау алаңы орнатылды. Ол аумақтан алыс емес жерде көпір асты кеңістік (Сарайшық бойында) орналасқан. Онда баскетбол, воркаут, йога алаңдары, футбол алаңы және т.б. бар", – деді Көлгінов.
Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынады. Олардың жартысына жуығы дайын.