"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстандағы 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Республика бойынша кей жерлерде оңтүстікте жел күшейеді, шаңды дауыл болады, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі" делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл соғады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады, жел секундына 18 метрге күшейеді. Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, шаңды дауыл күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.