Витебскіде өтіп жатқан "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде ел намысын диапазоны бес октаваға жететін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова қорғайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірінші байқау күнінен кейін әнші 70-тен 69 ұпай жинады. Қазылар алқасының барлық мүшесі қазақстандық өнерпазға 10 ұпайдан берді, тек Ресей өкілі Сергей Пенкин 9 ұпай қойды. Биыл әлемнің 14 елінен келген қатысушылар «Витебск» жас орындаушылар байқауының Гран-при иегері – «Алтын лира» мүсіншесі және 20 мың доллар үшін бақ сынауда. Айта кетейік, биыл қазылар алқасының мүшелері арасында танымал орындаушы Димаш Құдайберген бар, ол 2015 жылы "Славян базарының" бас жүлдесін жеңіп алған. https://www.youtube.com/watch?v=NUHbc5lJ1Rw