Қазақстандық теннисші Будапешттегі турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Будапешттегі турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: Sports.kz
117
оқылды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі турнирдің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Prosports.kz. Турнирде бірінші нөмірмен қатысқан Путинцева жексенбі күнгі финалда украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды. 26 жастағы қазақстандық үшін бұл Әйелдер теннис ұйымындағы (WTA) екінші жеңісі.