Рухия Байдүкенова «Славян базарында» бас жүлде алды – видео  

Рухия Байдүкенова «Славян базарында» бас жүлде алды – видео  

Бұл туралы әнші Қанат Айтбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

  Ол бірінші күні 70-тен 69 ұпай жинаған болатын. Қазылар алқасының барлық мүшесі Байдүкенованың өнерін 10 ұпаймен бағалады. Тек қана ресейлік Сергей Пенкин 9 ұпай қойды.

Қазақстаннан қатысқан әнші Рухия Байдүкенова осы фестивальде топ жарып, бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды. Бірінші орынды – Сербия, екінші орынды – Украина, үшінші орынды Словакия мен Әзербайжан иеленді.

  [caption id="attachment_151740" align="aligncenter" > Фото: Қанат Айтбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Биыл әлемнің 14 елінен келген әншілер «Витебск» жас орындаушылар байқауында бақ сынады. Гран-при иегері «Алтын лира» және 20 мың доллар иеленді.   https://youtu.be/ethX7l4KPvE

Еске сала кетейік, биыл қазылар алқасының арасында танымал әнші Димаш Құдайберген бар. Ол 2015 жылы «Славян базарының» бас жүлдесін жеңіп алған.