Қытайда бірінші рет маймыл вирусынан адам өлімі тіркелді
Қытайда бірінші рет маймыл вирусынан адам өлімі тіркелді
Фото: animalpicturesociety.com
657
оқылды

Global Times-тың мәліметінше, 53 жастағы мал дәрігері қайтыс болған.

Ол вирусты ғылыми мақсатта екі өлі маймылдың денесін сойған соң жұқтырған. Ал құсу, қалтырау белгілері бір айдан кейін, биыл сәуірде пайда болған. 27 мамырда ер адам қайтыс болды. Мал дәрігерімен байланысқан адамдар вирус жұқтырмағаны анықталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда бұрын-соңды маймыл вирусынан өлім тіркелмеген. 1932 жылы табылған вирус адамға маймылмен тікелей байланыс кезінде ғана жұғады. Алайда одан өлім деңгейі 70-тен 80 пайызға дейін.