Оқиға кеше сағат 20:23-те болды. Ақтөбе облыстық ТЖД-не полицейлерден шақырту түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны «Лексус 350» маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есігін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.
https://youtu.be/aNYSv_iGfjI Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жетті. Оқиға орнына келген бойда құтқарушылар, атап айтқанда, Т. Сырымбетов пен А. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, өзге құтқарушылар көбік шашты. Осылайша, жедел әрекет етіп, 1983 жылы туған тұрғынды құтқарды. Тергеу басталды.