Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, 2,2 миллион теңге пара алғаны үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды.
Өзге ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр.«Лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және қызметтер көрсету шарты бойынша кейіннен аударғаны үшін ақшалай қаражат алған» делінген ресми хабарламада.