Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, апат кеше сағат 15:10 шамасында Үржар ауданы «Мақаншы – Жалаңашкөл» автотрассасының 128/22 шақырымында болған.
Geely, Kia Sportage және Лада автөліктері соқтығысқан.Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады.«Апат салдарынан Geely маркалы көлік жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ «Лада 21154-30» маркалы автокөлік жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушісі мен Geely автокөлігінің жолаушысы дене жарақатымен Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді», – деді полицей.