Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Фронтальды ағындардың ықпалынан өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады.
21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыста антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. «Батыста ауа температурасы түнде +20+25 градус, күндіз +33+41 градус, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18 градус, күндіз термометрдің бағандары +23+35 градус, солтүстік-батыста түнде +12+25, күндіз +25+40 градус, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21, күндіз +25+35 градусты көрсетеді, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40 градус» делінген хабарламада.