Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Қазақстанда бір апта ішінде 3237 қылмыс болды. Оның 2212-сі бір тәулікте ашылды. Полицейлер 8 кісі өлімі, өлімге әкеп соққан 5 жағдайы, бір қарақшылық, 41 тонау және 505 ұрлықтың ізін суытпай ашты», – деді Тұрлыбек.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қайтыс болғанын жазған болатынбыз.