Ақтөбеде 10 адаммен бірге қылмыс жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды
Ақтөбеде 10 адаммен бірге қылмыс жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды
Сурет: zakon.kz
155
оқылды
Ақтөбеде жалған ПТР-тест анықтамасын жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жайсаң шекара бекетінде Ресейге кетіп бара жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне бір адам келіп, ПТР-тест анықтамасын жасай алатынын айтқан. Ол жүргізушілердің мәліметтерін әйеліне (медициналық орталықтардың бірінің дәрігері) жібереді, әйелі жалған анықтама жасап, оны күйеуіне қайта жіберіп отырған.  
"Сотқа дейінгі тергеу барысында жалған ПТР-тест анықтамасын қолданған 10 азамат анықталып, олардан жауап алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 3-бөлігі, "Біле тұра жалған құжатты қолдану" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.