«Мен барлығына ашықпын және қала тұрғындарының мәселелерін жақсы білемін» - Мамлютка қаласы әкіміне кандидат
«Мен барлығына ашықпын және қала тұрғындарының мәселелерін жақсы білемін» - Мамлютка қаласы әкіміне кандидат
154
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкіміне кандидат Еркін Самарханұлы аудан орталығын табысты дамыту үшін жұмыс орындарын құру, тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосу және жас кәсіпкерлерді қолдау қажет деп есептейді. Бұл мамандарды ұстап қалуға және қала тұрғындары үшін оңтайлы өмір сүру жағдайларын жасауға көмектеседі. Nur Otan партиясынан үміткер Мамлют ауданының этномәдени бірлестіктерімен кездесуде өзінің сайлаушылары үшін не істеуге ниетті екенін айтты. Жас кандидат, басқалармен қатар, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, қалаішілік жолдардың сапасын жақсартуға, сондай-ақ биыл кезекте тұрғандар мен жас мамандар үшін көп пәтерлі үйдің құрылысына қол жеткізуге уәде береді.
«Мен 2025 жылға қарай Мамлютка қаласында тұрғын үйлерді орталық жылумен жабдықтауға қосу үшін 5 модульдік қазандықтың құрылысы мен іске қосылуына қол жеткіземін, 100% көшені жарықтандыруға, ҚТҚ полигонын салуға, 2022 жылы инклюзияны қолдау кабинетін ашуға жәрдемдесуге қол жеткіземін. Ия, бюджет шектеулі, бірақ мен балалар ойын алаңдарын, спорт алаңдарын орнатуды қаржыландырудың қосымша көздерін іздеймін. Жоспарымда «Жұмысшы кенті – Аудандық аурухана» тұрақты автобус бағытын іске қосу бар. Мен барлығына ашықпын, қаланың мәселелерін жақсы білемін және сіздерді маған дауыс беруге шақырамын», — деді Еркін Самарханұлы.
СҚО Қазір кандидат Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді және кездесуде ол осы лауазымдағы жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Оның қосқан үлесінің арқасында аудан орталығында қаланың 23 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның 10-на жаңа асфальт төселді. Сонымен қатар, «Достық» саябағына күрделі жөндеу жүргізілді, балалар спорттық ойын алаңы орнатылды, 15 көше жарықтандырылды, бүгінгі күні қаланың тағы 13 көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Үміткерді қолдау үшін сенім білдірілген адамдар сөз сөйледі, олар жас мемлекеттік қызметшінің белсенділігі мен амбициясын атап өтті. Олардың айтуынша, Nur Otan партиясынан әкіміне жас үміткерлердің 12 пайызы арасында Еркін Самарханұлы да бар. Кездесуге қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Дмитрий Колода солтүстік өңір бойынша кандидаттар арасында әйелдердің үлкен пайызы байқалатынын, бұл партиялық «қайта жүктеу» қағидаттарына сәйкес келетінін атап өтті. Мамлют ауданында әкімдерді сайлау үш ауылдық округ пен Мамлютка қаласында өтеді. Онда Nur Otan партиясынан 4 кандидат ұсынылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әкімдерді сайлау 71 ауылдық округте өтеді, Nur Otan партиясынан үміткер ретінде 57 адам тіркелген. Олардың ішінде 35% әйелдер және 12% жастар.