20 шілдеде Нұр-Сұлтанда базарлар мен сауда орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
20 шілдеде Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтанда базар, дәмхана, СОО және қоғамдық көлік жұмысында қандай шектеулер қойылатыны белгілі болды.
Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес қалалық автобустар штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл уақытта автобустар саны артып, соңғы аялдамада салон өңделіп, барлық есігін ашып, желдету жұмыстары жүргізіледі.
СОО, сауда үйлері мен сауда орталықтарына сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бұл ретте нысандағы қоғамдық тамақтану орындары Ashyq бойынша 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда бұл нысандарға шектеу қойылады, өйткені қаулыда 4 шаршы метрге бір келуші болуын сақтау талап етілген.