Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты.
"Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды", - деді Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.
Сондай-ақ, Президент қазақстандықтарды вакцина салдыруға шақырды.
Бұған дейін Президент елімізде күніне 5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатқанына алаңдаушылық білдіргенін жазған болатынбыз."Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруы тиіс", - деді ол.