Жамбылда балалардың терезеден құлауы жиілеп барады
Жамбылда балалардың терезеден құлауы жиілеп барады
©А.Ахметқазы
484
оқылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері балалардың терезе мен балконнан құлауының 8 дерегі тіркелген.

Оның ішінде ата-аналардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан 2-12 жас аралығындағы балалар арасында екі жазатайым оқиға орын алған. Атап айтсақ, 15 жастағы жасөспірімнің 5 қабаттың балконынан құлауының бір дерегі және кәмелеттік жасқа толмаған баланың 5 қабатты үйдің шатырынан құлауының бір жағдайы  тіркелген.   «Ешқашан терезелердегі москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған. Мүмкіндігінше терезелерге металл торларды және терезе тұтқаларына блокаторларды орнатыңыз. Пәтерлер мен үйлерді желдету үшін  нәрестенің  жетуі қиын болатын терезе көздерін  ашыңыз және терезенің алдына  әртүрлі жиһаз қоймаңыз. Кәмелетке толмағандарға ұзақ уақыт қараусыз балконда уақыт өткізуге және ойнауға, оның ішінде фото жасауға және бейнероликтер түсіруге жол бермеңіз», — деп кеңес береді облыстық Полиция департаменті.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы