Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген дарынды жастарға жыл сайын грант берілетін болды
Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген дарынды жастарға жыл сайын грант берілетін болды
Фото: gurk.kz
Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген дарынды жастарға берілетін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын берілетін болды.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мемлекеттік қолдау мақсатында еліміздің талантты жастарына жыл сайын тағайындау жоспарлануда. Грант қаражатын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді», – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Үздік жобаларды анықтау үшін конкурстық комиссия жұмыс істейді. Комиссия құрамы орталық атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар және грант бойынша мамандар мен сарапшылардан құралған. Конкурстық комиссия екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезең – 19 шілдеден 20 қыркүйекке дейін уәкілетті органның конкурстық өтінімдерді қабылдауы. Екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздардын анықтау. Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында (qogam.gov.kz), әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланып жатыр. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер 19 шілдеден 20 қыркүйекке дейін қабылданады.