Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды
Фото: zakon.kz
94
оқылды
Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Кеңқияқ-Сарыкөл тасжолында екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші көз жұмды. Кеңқияқ-Сарыкөл тасжолында ВАЗ-2115 және ВАЗ-2110 автокөліктері соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан аталған екі көліктің де жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. ВАЗ-2115 автокөлігінің 83 жастағы жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.  
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.