Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды
Фото: inbusiness.kz
144
оқылды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз санатындағы әлем чемпионы титулы үшін тағы да айқасуға дайын екенін мәлімдеді. Жәнібек Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франсиско Валькарсель және Бүкіләлемдік бокс кеңесінің басшысы Маурисио Сулейманнан титулды айқас ұйымдастырып беруін сұрады.
"Чемпиондық жекпе-жек қалаймын. WBO рейтингінде екіншімін. Мунгия – рейтингте бірінші. Ол менімен жұдырықтасуға келіспейтінін білемін. Өйткені нокаутқа түсіретінімді біледі. Андраде? Ол қайда? Маған WBO титулы керек", – деп жазады Әлімханұлы Твиттер желісінде. 
https://twitter.com/qazaqstyle/status/1416952246412005377?s=20 Қазіргі кезде орта салмақта Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF, IBO) мен Жапония өкілі Риота Мурата (WBA Super) әлем чемпиондары болып саналады.