Қайраткер отбасына көңіл айтты

Қайраткер отбасына көңіл айтты

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің уәкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты. – «Өз атымнан және Мәжіліс депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарыл­қасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Дипломатиялық қызметте мол тәжірибесі бар Асхат Жарылқасынұлы Қазақстан мен Қырғыз Республикасының, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарын нығай­туға зор үлес қосты. Қазақстан Республикасы Парла­ментінің өкілетті өкілі – ТМД ПАА кеңесі бас хатшы­сының орынбасары лауазымында ТМД елдері ара­сын­дағы Парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті. Еліміздің патриот азаматы Асхат Жарылқа­сынұлы туралы жарқын естеліктер жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады» – деді Нұрлан Нығматулин. Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай Қазақстан Респуб­ликасының Сыртқы істер министрлігі саласында 1997 жылдан бері жұмыс істеді. 2017 жылғы қазанда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі бас хатшысы­ның орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі болып тағайындалды.